logo

«Астана» баскетбол клубы оныншы рет жеңілді

«Астана» баскетбол клубы оныншы рет жеңілді

ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы қатарынан оныншы рет жеңілді, деп хабарлайды Sport +.

Бұл жолы «Зенитпен» кездескен елордалық клуб 35 ұпай айырмасымен есе жіберді.

Ойынның алғашқы үш кезеңінде Санкт-Петербургтен келген қонақтар айтарлықтай басымдыққа ие болса, тек соңғы төртінші кезеңде «Астана» есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды нәтиже – 64:99.

Астаналық клуб сапынан ең нәтижелі ойыншы Маркелл Джонсон болды, оның еншісінде – 29 ұпай. Галан Смит – 19, Даниэл Утоми – 8, Асқар Майдекин – 6 және Руслан Айтқали 2 ұпай еншіледі.

Осылайша бұл маусымда небәрі 9 ұпай жинаған «Астана» турнир кестесінің соңғы сатысында келеді. Келесі ойынын елордалық клуб 30 қазанда «Саратовқа» қарсы өткізеді.