logo

«Астана» бас бапкеріне 1 млн теңгеден астам айыппұл салынып, ойындарға қатысуға тыйым салынды

«Астана» бас бапкеріне 1 млн теңгеден астам айыппұл салынып, ойындарға қатысуға тыйым салынды

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян этика кодексін бұзғаны үшін екі матчқа шеттетілді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сілтеме жасап.

«ҚФФ Әдеп кодексінің 10,12,13-тармақтарын бұзғаны үшін, „Астана“ командасының бас бапкері Бабаян Григорий Константиновичтің 48-тармағын басшылыққа ала отырып, „Астана“ — „Атырау“ командалары арасындағы Olimpbet-Қазақстан Республикасы чемпионатының 17-туры матчында қарсылас команданың ойыншысы атына спорттық емес, қорлайтын мінез-құлық пен дене ықпалын білдіргені 2 матчқа шеттетілді, сондай-ақ 300 АЕК мөлшерінде, бұл 1 107 600 теңге айыппұл салынды. Шеттетілу мерзімі 2024 жылғы 31 қазаннан бастап есептелсін. Бабаян Григорий Константинович 2024 жылдың 01 желтоқсанына дейін айыппұлды төлеу тиіс», — деп жазды Қазақстан футбол федерациясы.