logo

«Астана» америкалық ойыншымен келісімшартқа отырды

«Астана» америкалық ойыншымен келісімшартқа отырды

«Астана» баскетбол клубы жаңа ойыншы — америкалық шабуылшы Камрон Блюмен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Баскетболшы АҚШ-тың Гринвилл қаласында дүниеге келген және өз позициясы үшін тамаша антропометриялық көрсеткішке ие — бойы 200 см.

2021/2022 маусымын ол NCAA лигасында өткізіп, Atlantic 10 конференциясындағы үздік университеттердің бірі саналатын Фордхэм университетінің намысын қорғады және студенттік деңгейде мол тәжірибе жинақтады.

2022/2023 маусымында NCAA додасында Коппин мемлекеттік университеті сапында өнер көрсетіп, өзінің жоғары деңгейін дәлелдеді.

Өткен маусымда Камрон Әзербайжанның Баку қаласындағы «Сабах» клубында ойнап, шабуылда сенімді ойын көрсетті және командасының Еурокубоктағы ТОП-3 ойыншысының қатарына енді.



Күн шежіресі