logo

Елордадағы екінші текетірес: «Астана» – «Атырау барыстары» матчының трансляциясы

Елордадағы екінші текетірес: «Астана» – «Атырау барыстары» матчының трансляциясы

26 ақпанда Астанада баскетболдан «Астана» — «Атырау барыстары» матчы өтеді.

Командалар 25 ақпанда өзара кездесіп, астаналықтар 85:69 есебімен сенімді жеңіске жетті.

«Астана» сапында ең нәтижелі ойыншы Эрик Дэй болды — ол 22 ұпай жинап, 6 нәтижелі пас және 2 рет допты қайтарып алды. Асқар Майдекиннің еншісінде 14 ұпай бар, ал Александр Жигулин одан 1 ұпайға кем жинады.

Қонақтар құрамында ең көп ұпайды Майкл Майс еншіледі — 20 ұпай. Айболат Омаров 19 ұпай жинады.

Жаңа ойын 26 ақпанда сағат 19:00–де өтеді. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі