logo

«Астана» африкалық ойыншымен қоштасты

«Астана» африкалық ойыншымен қоштасты

Елордалық «Астана» 30 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Барнс Осейдің командадан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Футболшы клубтан келісімшарт мерзімі аяқталған соң кетті. Ол елордалық клубқа 2024 жылдың ақпанында қосылған болатын.

Барнс «Астана» сапында барлығы 25 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген.