logo

Аслан Өтегеновтің жекпе-жегі Alash Pride 100 турнирінің кардына қосылды

Аслан Өтегеновтің жекпе-жегі Alash Pride 100 турнирінің кардына қосылды

21 қыркүйекте Ақтөбеде Alash Pride 100 атты ғаламатты турнир өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Турнирдің кардына қазақстандық файтер Аслан Өтегеновтің (11-9) жекпе-жегі қосылды. Оның қарсыласы тәжік спортшысы Интизор Фармонбоев болмақ.

Турнирдің басты жекпе-жегі ретінде Дамир Исмағұлов пен Адриано Мартинш арасындағы кездесу өтеді.

Турнирді тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі