Қазақстан жастар құрамасы соңғы минутта гол жіберіп, Ирландияға есе жіберді
Жастар арасындағы Қазақстан U21 құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Ирландия U-21 құрамасына қарсы ойында 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+.
Матч 31 наурыз күні Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтті. Кездесудің тағдыры ойынның соңғы минуттарында шешілді. 89-минутта Ойсин Галлахер дәл соққымен ирландиялықтарға жеңіс сыйлады.
Владимир Чебурин баптайтын қазақстандықтар ойын бойы лайықты қарсылық көрсеткенімен, матч соңында жіберілген гол командаға ұпай алуға мүмкіндік бермеді.