logo

Артур Шушеначев Израильде алғашқы ойынын өткізді

Артур Шушеначев Израильде алғашқы ойынын өткізді

Қазақстандық аяқдопшы Артур Шушеначев Израиль чемпионатында алғаш рет алаңға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

“Хапоель” (Беер-Шева) командасының сапында ойнайтын Артур “Нетаньеге” қарсы матчты қосалқы ойыншылар қатарында бастады. Ойынның 51 минутында алаңға шыққан Шушеначев маррокалық Имран Улад Омарды ауыстырды.

Аталмыш матч 2:0 есебімен “Хапоель” жеңісімен аяқталды.



Күн шежіресі