Арман Оспанов Шымкент қаласы Күрес федерациясының президенті болып тағайындалды

Арман Оспанов Шымкент қаласы Күрес федерациясының президенті болып тағайындалды

Қазақстандық танымал ММА файтері, PFL, «Alash Pride» және ACA ұйымдарының бұрынғы спортшысы Арман Оспанов Шымкент қаласының Күрес федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.

Арман Оспанов кәсіби ММА мансабымен қатар, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы, бразилиялық джиу-джитсудан Азияның екі дүркін чемпионы атанған.