logo

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Күрес федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл қызметке Нұрсұлтан Теміров тағайындалды.

Ол 2014 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар, ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбек етті.

Сондай-ақ әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова және тағы басқа балуандарды тәрбиелеген.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сағадиев атқарған еді.



Күн шежіресі