logo

«Ақжайық» допты хоккейден көшбасшыны жеңді

«Ақжайық» допты хоккейден көшбасшыны жеңді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» кезекті матчын Краснотурьинскіде жергілікті «Маякпен» өткізді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Ресейлік клуб 6 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, екінші топта көш бастап келе жатқан еді. Бірінші таймда Рауан Исалиевтің пасынан кейін «Ақжайықтың» капитаны Максим Өтебалиев есеп ашты. «Маяктан» Михаил Красиков таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде Рауанның пасын Дәурен Оралов мүлт жіберген жоқ. Максим Пахомовтың пасынан соң Болат Мұхит есепті 3:1-ге жеткізді. Айдын иелерінен Александр Штеле есепті қысқартқанымен, М.Пахомовтың көмегімен Р.Исалиев мергендік танытты.

Бұдан кейін «Маяктан» Артем Самойлов бір гол соға алды. Қорытынды есеп - 4:3, оралдық маман Николай Шавалдин жаттықтыратын «Ақжайықтың» пайдасында.

Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.



Күн шежіресі