Қазақстан хоккейшілері Ресейге жол берді
Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Бірінші арна кубогының үшінші ойынында Қазақстан құрамасы Ресейден жеңілді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Кездесу барысында қазақстандық команда сапынан Андрей Буяльский 1-минутта есеп ашты. Одан кейін Максим Соркин 10, Василий Глотов 23, Илья Сафонов 59-минутта екі голмен жауап қайырды.
Айта кеттсек, бұдан бұрын Беларусь және ҚХЛ легионерлері құрамасына 1:3 есебімен есе жіберді.
Енді Беларусь және ҚХЛ легионерлері құрамасы шеберлік байқасады.
Бапкерлер құрамы аталған турнирде төмендегі ойыншыларға сенім артып отыр.
Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, ВХЛ), Жәкен Ибрагимов («Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Шутов («Барыс», Астана)
Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков («Торпедо», Өскемен), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, КХЛ), Хақназар Кеңесбай, Кирилл Никитин («Номад», Астана), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Егор Наместников, Кирилл Полохов («Сарыарқа», Қарағанды)
Шабуылшылар: Олег Бойко («Барыс», Астана), Александр Борисевич, Андрей Буяльский, Руслан Демин («Сарыарқа», Қарағанды), Владимир Волков, Дмитрий Преснов, Денис Чапоров («Арлан», Кокшетау), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников («Хумо», Ташкент), Саян Данияр («Номад», Астана), Алексей Зубов, Ян Тютюньков («Торпедо», Өскемен), Евгений Рымарев («Юнисон», Ресей), Александр Своеволин («Кұлагер», Петропавл).