logo

Талғат Жайлауов «Барысқа» қайта келетініні белгілі болды

Талғат Жайлауов «Барысқа» қайта келетініні белгілі болды

Қазақ хоккейінің аты аңызға айналған cпортшысы Талғат Жайлауов «Барыс» сапында 3х3 лигасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Өскемендік түлек астаналық «Барыс» сапында 12 маусым өткізді. Оған дейін 5 жыл бойы «Қазцинк-Торпедоның» намысын қорғады. Форвард Қазақстан құрамасы сапында 9 әлем чемпионатында да өнер көрсетті. Хоккейшінің соңғы клубы 2020-2021 жылғы маусымда «Сарыарқа» болды.

Ойындық мансабын аяқтаған Талғат Жайлауов «Номад» пен «Барыста» жаттықтырушы, «Сарыарқа» клубының директоры қызметін де атқарды.

 



Күн шежіресі