logo

«Ақтөбеге» Боливия құрамасының футболшысы келді

«Ақтөбеге» Боливия құрамасының футболшысы келді

«Ақтөбеге» 28 жастағы боливиялық жартылай қорғаушы келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Леонардо Ваки есімді футболшы карьерасының басым бөлігін өз отанында өткізген. «Блуминг», «Sport Boys», «Боливар» және «Аурора» командаларында ойнаған. Ал 2023 жылы Литваның «Жальгирис» командасына ауысты.

Бір маусымда 19 матчта 3 гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Сонымен қатар Боливия құрамасында өнер көрсетеді.

Осыған дейін 17 матч ойынға қатысып, 1 гол салған.