logo

«Ақтөбе» қазақстандық футболшыны «Каспийге» жалға берді

«Ақтөбе» қазақстандық футболшыны «Каспийге» жалға берді

«Ақтөбе» 21-жасар қазақстандық жартылай қорғаушы Дархан Бердібектің маусым соңына дейін ақтаулық «Каспийге» жалға берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Каспий» клубының түлегі 2024 жылы «Ақтөбеге» ауысып, содан бері барлық турнирде 14 матч өткізіп, екі гол соқты.

Өткен маусымның соңын Дархан елордалық «Жеңісте» жалға ойнап, үш матчқа қатысты.