logo

«Ақтөбе» мен «Қайрат» командаларына айыппұл салынды

«Ақтөбе» мен «Қайрат» командаларына айыппұл салынды

2024 жылдың 9 қазанында Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

2024 жылғы OLIMPBET QFL Қазақстан чемпионатының 22-турындағы ойын барысында команда тәртіпсіздігіне байланысты, яғни ойыншыларға 7 ескерту жасалғаны үшін, «Ақтөбе» ФК-ға 100 АЕК (369 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл соманы 2024 жылдың 9 қарашасына дейін төлеу қажет.

Осы матчта «Қайрат» ойыншыларына 5 ескерту жасалғаны үшін «Қайрат» ФК-ға да 100 АЕК (369 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл соманы 2024 жылдың 9 қарашасына дейін төлеу қажет.

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің төрешіні қорлауы, заттарды лақтыруы және арандатушылық баннер көрсетуі үшін командаға 500 АЕК (1 846 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл соманы да 2024 жылдың 9 қарашасына дейін төлеу қажет.

«Қайрат» ФК-ға сол матчта флеш-сұхбат өткізілмегені үшін ескерту берілді.



Күн шежіресі