logo

«Ақтөбе» көшбасшысы мансабын басқа клубта жалғастыруы мүмкін

«Ақтөбе» көшбасшысы мансабын басқа клубта жалғастыруы мүмкін

«Ақтөбе» футболшысы Багдат Қайыров павлодарлық «Ертіске» ауысуға жақын, деп хабарлайды Sport+.

Универсалды ойыншы Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі маусымында 10 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды. Сонымен қатар, Қазақстан кубогы аясында бір ойынға қатысты.

Павлодар клубының басшылығында болған өзгерістерден кейін «Ертісті» күшейтуі мүмкін ойыншылар қатарында Арман Кенесов пен Дмитрий Шомко да аталып жүр.

Бірінші лигада «Ертіс» 10 турдан кейін 21 ұпай жинап, екінші орында келеді.



Күн шежіресі