logo

«Ақтөбе» доминикандық форвардты шақырды

«Ақтөбе» доминикандық форвардты шақырды

«Ақтөбе» футбол клубы Доминикан Республикасы құрамасының 26-жасар шабуылшысы Дорни Ромероны өз сапына қосуға ниетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Честность не порок» телеграмына сілтеме жасай отырып.

Келісім-шарт үш жылға жоспарланған, форвард «Ақтөбеге» ақпан айының соңында қосылады.

Соңғы маусымда Ромеро боливиялық «Оливейра Реди» сапында 32 матч өткізіп, 25 гол соққан.