logo

Абат Айымбетов жаңа клубта қанша жалақы алатыны белгілі болды

Абат Айымбетов жаңа клубта қанша жалақы алатыны белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия Суперлигасының клубы, «Адана Демирспорда» 500 немесе 700 мың еуро жалақы алады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қос тарап 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасасты. Яғни Абат Түркияның командасында кемінде 1,5 жыл доп тебеді. Егер шабуылшының нәтижелері клуб басшылығының көңілінен шықса, келісімшартты тағы бір жылға созады.

Абат «Адана Демирспорға» Ньянгтың орнына келді. Ал сенегалдық шабуылшы осы клубта жылына 700 мың еуро жалақы алатын. Абаттың жалақысы да шамамен осы деңгейде болады. 500 немесе 700 мың еуро.

Абаттың жаңа командасы қазір Түркия Суперлигасында 8-орында келеді. 23 матчта 31 ұпай жинады.



Күн шежіресі