Франция екінші лигасы клубының вингері «Атырауда» қаралымда жүр
Француздық «Гренобльдің» қапталда ойнайтын жартылай қорғаушысы Ламине Жаржу «Атырау» футбол командасында қаралымда жүр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
21-жасар гамбиялық «мұнайшылардың» бапкерлік штабын қызықтырды. Клуб оны қаралымнан өткізіп, құрамына қосуы мүмкін.
Жаржу Францияның Екінші лигасында өнер көрсететін «Гренобльмен» келісімшартта, бірақ аталмыш клуб сапында Ламине әлі бірде-бір ойын өткізген жоқ.