logo

Литва құрамасының қорғаушысы «Астана» сапын толықтыру мүмкін

Литва құрамасының қорғаушысы «Астана» сапын толықтыру мүмкін

Литва құрамасының қорғаушысы Кипрас Кажуковас еркін агент ретінде елордалық «Астанаға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы литвалық osportas.lt сайты мәлімдеді.

23 жастағы қорғаушы соңғы маусымды «Жальгиристе» өткізді, бірақ Польша чемпионатынан келген ұсыныс кесірінен Владимир Чебурин жаттықтыратын клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартты. Алайда «Радомякпен» келісімшартқа қол қою кезінде ойыншы мен клуб келісе алмады.

Енді Кипрас «Астанадан» келген ұсынысты қарастыруда.

Кажуковас Литва құрамасы сапында 6 ойын өткізді. Клубтық деңгейде «Жальгиристен» бөлек ол «Брайтон» жастар командасында өнер көрсетті.



Күн шежіресі