«Ақтөбе» Қазақстан Кубогының финалында екі минут ішінде керемет камбэк жасады
Алматыда өткен Olimpbet QFL Қазақстан Кубыгың финалында «Ақтөбе» мен «Атырау» беделді жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші таймның ортасында «Атырау» есеп ашты. Игорь Стасевичтің пасынан кейін Николай Сигневич есеп ашты.
Екінші таймның соңғы минуттарында Әлібек Қасым пенальтиден есепті теңестірсе, Фредди Гандола қорғаушылардың қатегілін пайдаланып, «Ақтөбеге» жеңіс алып келді.
«Атырау» — «Актобе» — 1:2
Голдар: Николай Сигневич 24 — Әлібек Қасым 89 (пенальти), Фредди Гондола 90