logo

Анна Данилина US Open 1/8 финалында

Анна Данилина US Open 1/8 финалында

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге US Open турнирінің жұптық сынында 1/8 финалға өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

1/16 финалда Данилина мен Хромачева екі сетте америкалық Кристин Доулхайд пен Дезире Кравчикті жеңді - 6:3, 6:4. Енді 1/8 финалда бұл дуэт Тереза Михаликова (Словакия) Оливия Николс (Британия) жұбымен күш байқасады. 

Анна Данилина US Open турниріндегі жалғыз қазақстандық теннисші. 2023 жылы Данилина фин Арри Хелиовармен бірге аралас санатта Америка Ашық біріншілігінің жеңімпазы атанған еді.



Күн шежіресі