Андрей Мартин: «Ордабасы» секілді керемет клубтың тарихының бір бөлігі болғым келеді
50 жастағы молдавиялық маман Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалғаннан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Sport+.
«Мен «Ордабасы» футбол клубында болғаныма өте қуаныштымын. Бұл керемет клубтың тарихының бір бөлігі болғым келеді. Шымкенттік жанкүйерлерді қуанта алатын нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Клуб басшылығы қойған міндеттерді орындау үшін жақсы нәтижелерге жетуге тырысамыз. Жаздағы еуропалық кампания барысында алғашқы кездесу символикалық мәнге ие болды. Сол кезде алғаш таныстық. Маған қала да, команда да ұнады. Сол сәтте өзімді осы жерде ойыншы ретінде жүргендей сезіндім, тіпті бір күні бапкер болуым мүмкін деген ой келді.
Менің бапкерлік философиям айқын ойын моделіне негізделген. Команданың жоғары қарқынды және агрессивті ойын көрсетуі өте маңызды, және әр ойыншы футбол алаңындағы өз рөлін нақты түсінуі қажет. Керемет әсер алдым, Қазақстанға әрдайым жылы естеліктермен ораламын деп журналистерге де айттым. Бұл жақсы ел, мейірімді және қайырымды адамдар тұрады. Клубты дұрыс бағытқа жетелеу үшін барлық күшімді салатыныма және жанкүйерлеріміз әрдайым қуанышқа бөленетініне сенімдімін», — деді маман.