Андрей Карпович: Бізге әлі көп өзгеріс керек
«Елімай» футбол клубының бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турында өткен қостанайлық «Тобылмен» (2:4) ойынға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клуб баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып:
«Ойын жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Алты гол, пенальти, әдемі футбол. Матч біздің чемпионат үшін ерекше болды. Бұл мезгілде осы жерде ойнау өте жайлы екені түсінікті. Ойын басталмас бұрын аяқдопшыларға бұл жерде қашан да қызықты матчтар өтетінін жеткізгем. Бір ойыншымыз алаңнан қуылғанға дейін жеңістен үмітіміз бар еді. Одан кейін күшіміз сарқылып, екі доп жіберіп алдық. Крмандаға санымыз аз болса да, алда болуымыз керек дедім. Бізге жақсы команда болу үшін көп жұмыс істеу керек. Ешнәрсе жәйдан жәй келмейді, әрнәрсеге өз уақыты керек, бірақ бізде уақыт жоқ. Бұл ақталып жатқаным емес, ақиқат. Әлбетте, біз маусымды басқаша бастаймыз деп ойладық, бізге көп мәселеде өзгеріс керек».