Әлия Юсупова: Гимнастар ел чемпионатына дайындалады
Отандық көркем гимнастика шеберлері қазан айында өтетін Қазақстан біріншілігіне дайындалуда. Бұл туралы команданың бас бапкері Әлия Юсупова айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сілтеме жасап.
«Бүгінде халықаралық жарыстар тізбегі аяқталды. Олимпиададан соң әлемдік күнтізбеде үзіліс орын алды. Енді келесі маусымға дайындаламыз.
Париж Олимпиадасына қатысқан Эльжана Таниева да демалысты.
Қазан айында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Гимнастардың басым бөлігі сол бәсекеге дайындалып жатыр», — деді Әлия Мақсұтқызы.
Айта кетелік, қазақстандық Эльжана Таниева Париждегі Олимпиада ойындарында бақ сынап, 13-орын иеленді.