Назым Қызайбай қарсыласын нокаутқа жіберді

48 келі дейінгі салмақта екі дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Ширек финалда қазақстандық боксшы венесуэлдік Тайонис Рохасты екі рет нокдаунға жіберді, екінші соққыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Назым Қызайбай Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан төртінші қазақстандық боксшы атанды. Бұған дейін Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева және Елдана Тәліпова жүлдеге қол жеткізген болатын.