Аралас жекпе жектен IMMAF тұжырымдамасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы Алишер Қадырәлиев Sport Plus Qazaqstan студиясында спорттағы жолы қалай басталғанын айтты:
«Алматы қаласынының тумасымын. Аралас жекпе жекте жүргеніме 5 жыл болды. Мектепте көп төбелесетінмін, сондықтан анам күшіңді спортқа жұмса деп ММА залына баруымды талап етті. Қазір спортқа берілгенім соншалық, ешкіммен сөзге де келгім келмейді. Спортшы атанғалы ортам да, қызығушылығым да өзгерді.
Әлем чемпионатындағы ең ерекше сәт — әнұран шырқалған кез. Шыны керек, түсім сияқты болып, білетін сөзімді айта алмай қалдым. Белдік тағып, жанкүйерлер қолдау көрсеткендегі сезімді сөзбен жеткізе алмаймын.
Осы біріншіліктен соң танымалдығым да артып, әлеуметтік желіде танып, жазылып жатқандар саны көбейді
Болашақта қай лигада өнер көрсететінімді қазір нақты айта алмаймын. Жаттықтырушыммен бірге талқылап, шешім қабылдаймыз».