logo

Әліби Ыдырыс: Жалғас Жұмағұловтан таяқ жеп, көзіме жас келді

Әліби Ыдырыс: Жалғас Жұмағұловтан таяқ жеп, көзіме жас келді

Қазақстандық жауынгер, NAIZA лигасының чемпионы Әліби Ыдырыс Sarbazpodcast YouTube-арнасына берген сұхбатында мансабына әсер еткен оқиғаны еске алып, Жалғас Жұмағұловтан қалай таяқ жегені туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

- «Еркін күште» Жалғаспен спаррингке тұратын едім. Таяқ жейтін едім әрдайым, бірақ мінез көрсететін едім. Ол кезде Жако Али Багаутдиновқа дайындалып жүрді. Сол уақытта менің өмірімді өзгерткен оқиға орын алды. Мен жаттығудың басында Жакодан таяқ жеп, ашуланып жатып қаламын, көзіме жас келді. Айбек ағай келіп, жағдайымды сұрады: «Әліби, не болды, Жалғас боқтады ма, әлде қатты ұрып жіберді ме» деп сұрады. Мен «өзіме ашулымын» деп наразы көзқараспен жауап бердім. Ағай одан сайын қатты ұрысты: «сен бала не жұмысыңа кет, не жаттығуды дұрыстап жаса» деді. Ашуланып киімімді жинап, үйге кетіп қалдым. Кешке Нұрбек Кабдрахманов пен Дастан Амангелді келіп, үйден шығарып алып, мені тамақ ішуге шақырды. Сол жерде Сергей Морозов пен Жалғас Жұмағұлов та болды. Олар біртіндеп жақындап, Сергей маған «Әліби, еңсенді түсірме, арманың бар ма, соған қол жеткізуге тырыс», ал Жалғас «мен қазір Багаутдиновқа дайындалып жатырмын, менің бабым сенікінен жоғары, біз сенің тағыдырыңды өзгерте алмаймыз, өзің шешім қабылда» деп қолдау білдірді. Осы әңгімеден кейін түнімен ойланып, келесі күні жаттығу залына қайта бардым. Айбек ағай күле қарап, «соңына дейін баратын болдың ба?» деп сұрады, - деді Ыдырыс.