Әліби Ідіріс: Макгрегордың менеджерлері жылдың соңына дейін UFC-мен келісімшарт ұсыну мүмкін
NAIZA лигасының чемпионы, қазақстандық ММА жауынгері Әліби Ідіріс Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Конор Макгрегордың менеджерлерімен келісімшарты, АҚШ-да жиын өткізу жоспары және жеке бизнесі туралы айтты.
- NAIZA турниріне 10 күн қалғанда қарсылас қайтадан өзгерді. Сіз үшін бұл мәселе турдырды ма?
- Бір жарым ай бойы басқа қарсыласқа дайындалдық. Тактикалық жоспар дайындаймыз, мына жолы қиын болады, өйткені 10 күн қалған кезде жаңа қарсылас қандай стилде төбелесетінін білмейсін. Бірақ қандай қарсылас болсада барынша дайындаламыз. Бұны мәселе деп айта алмаймын, бірақ жұмыстың процессін бұзады.
- Сіз жақында Конор Макгрегордың менеджерлерімен келісімшартқа отырдыңыз. Келісімшарт туралы толығырақ айтып беріңізші? Алға жылжу жоспарлары, американдық лигаларда өнер көрсетуге жол ашылады ма?
- Мен Нұрбек Қарабала ағамыздың қолдауымен мен «Paradigm Sports» агенттігінің менеджерлерімен екі жылға келісемшартқа отырдым. Шарт бойынша олар 2025 жылдың қаңтарына дейін мені UFC-мен келісімшартқа отырғызу керек. Егер бұл шарт орындалмаса, келісімшартты бұзуға құқығым бар. Өздерінің жұмысы үшін олар жекпе-жектерден түскен гонорардан 10% көліменде ақыларын алады.
- Сіз қазір NAIZA лигасының басты жұлдыздарының бірісіз. 2019 жылы турнирге кешігіп бара жатқанда, сіз чемпион боламын және қазір Америкаға кетуге үміткерлердің бірі боламын деп ойлағансыз ба?
- Сол жылдары мен жоқшылық кезінде төбелестім, NAIZA-ның белбеуін жеңуді армандайтын едім. Аллаға шүкір қазір 3 белбеуім бар. Армандар үлкен, себебі UFC-ға барып, топ жара алатыныма сенімдімін. Еңбек, мақсат пен өзіңе сенімнің арқасында бұл мақсатқа қол жеткізуге болады.
- Сізде АҚШ визасы бар. 18 мамырдағы жекпе-жектен кейінгі сол жақта жиын өткізуге жоспарлар бар ма?
- Осы жекпе-жекті абыроймен өткізіп, жарақатсыз аяқтасам, Қарабаланың бапкерімен және Еркін күш командасымен ақылдасып, жаздың ортасында АҚШ-на жиынға аттану басты мақсатымның бірі.
- Соңғы үш жекпе-жекті бразилиялық жауынгерлермен өткіздіңіз, алда тағы біреуі күтуде. Өзіңізді бразилиялықт жауынгерлерді жеңе алатын шебер деп атай аласыз ба, әлде бұл бар болғаны жағдайлардың жиынтығы ма? Иә болмаса мансабыңызды өрбітудың бір әрекеті ме?
- Төртінші жекпе-жек бразилиялық жауынгер болайын деп тұр. Олар оңай шағылатын жаңғақтар емес. Мансабымдағы ең қиын жекпе-жек Флавио Мадругамен болды. Кезек бойынша жетінші жекпе-жек болды, мен белбеуімді қорғадым, 25 минут қарқынды төбелес болды. Бразилиялық жауынгерлер жалпы мықты болады. Әрбір қарсыласқа дайындаламыз, матчмейкер берген жауынгерлермен төбелесеміз. Барынша жақсы қарсылас сұраймыз, осы жолы да бразилиялық файтер тап болды, мен бас тартпаймын ешқашан.
- Сіз «Қан мен тер» деп аталатын мерч аштыңыз. Бизнес қалай өтуде? Сауда жүріп жатыр ма әлде заттар достарға таралып кетуде ме?
- Жауынгер болғаннан кейін, ішетін витаминін бар, витамин былай тұрсын үйде бала-шаға және ата-анам бар. 4-5 айлап біз жұмыс істемейміз, себебі таңнан кешке дейін жаттығамыз, сол себепті аға-көкелерге жалынбай, өз еңбегіммен үйге ақша келсін, саудада берекет бар деген ниетпен «Кан мен Тер» мерчін аштық, өйткені сұраныс көп жалпы. Пайдаға келетін болсақ, соңғы айда 300-400 мыңдай тенге түсті. Бізде бірақ менталитет өзгешеғо, көп адамдарға сый ретінде кетіп қалады.
- «Қан мен тер» – бұл Әбдіжамал Нұрпейісовтың кітабына сілтеме ме? Немесе жай ғана қан мен тер ол кез келген жауынгердің табысының негізгінің құрамдас бөлігі дегенді білдіре ме?
- Иә, «Қан мен тер» - бұл Нұрпейісовтың кітабына сілтеме. Ақтөбеде әкімшілік алаңында ата-бабаларымыздың қиын қыстау кезеңінен келе жатқан тарихына арналған «Қан мен тер» ескерткіші бар. Кейбіреулері орыстар мен американдықтарға сай түсінік бойынша қан мен тердің төгілуіне сілтеме деп ойлайды, бірақ ондай мағынада емес. Бұл атау - қазағымның тәуелсіздігі, бейбітшіл өміріміз қан және термен келді деген мағынада таңдалған тақырып. Болашақта, UFC-ді шулатқанда, берген сұхбаттарда осы тақырыпты қозғайтын ойым бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram