logo

Әли Әлиев натурализация туралы: Егер футболшы арамызға сіңісіп, құрамаға көмектесуге дайын болса, неге болмасқа

Әли Әлиев натурализация туралы: Егер футболшы арамызға сіңісіп, құрамаға көмектесуге дайын болса, неге болмасқа

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушысы Әли Әлиев қазақ футболындағы натурализация туралы айтты, деп хабарлайды Sport+.

«Менің натурализация бойынша нақты ұстанымым жоқ, егер адам белгіленген мерзімде елімізде өмір сүрсе, арамызға сіңісіп, Қазақстан атынан шығып, бразилиялықтар футзалдағыдай көмектескендей, көмектесуге дайын болса, неге натурализация жасамасқа. Бірақ бұл әрекет жай ғана ойнауға мүмкіндік беру үшін емес, сапаны беру үшін қажет», — деді Әлиев. 

Бұған дейін шабуылшы Идрис Умаев Қазақстан азаматтығын алуға құжаттар тапсырғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, біраз уақыт бұрын Жоао Паулоның қазақстандық төлқұжатын алу туралы қауесет тарады.



Күн шежіресі