logo

Ресми: Георгий Жуков – «Пуща» ойыншысы

Ресми: Георгий Жуков – «Пуща» ойыншысы

Польшаның «Пуща» клубы 30 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуковпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Георгий Жуков ресми түрде «Пуща» командасына қосылды. Польшаның жоғарғы дивизионының клубы қазақстандық жартылай қорғаушыны тегін қатарға қосты – «Цанчжоу Майти Лайонс» клубымен келісімшарты аяқталған соң, ол еркін агент атанды.

Тараптар арасындағы келісім 2026 жылдың 30 маусымына дейін жасалды.



Күн шежіресі