Стас Покатилов «Сабах» сапында дебют жасады

Әзербайжан Кубогының ширек финалының алғашқы матчында «Сабах» пен «Сумгаит» командалары 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Sport+.
Бұл ойында қазақстандық қақпашы Стас Покатилов «Сабах» сапында алғашқы матчына шықты. Қазақстан ұлттық құрамасының 32 жастағы голкипері негізгі құрамда алаңға шығып, толық ойын өткізді. Осылайша, Покатилов дебюттік кездесуінде қақпасына гол жібермей, сенімді ойын көрсетті.
Еске сала кетейік, Покатилов ресми түрде 2025 жылдың 21 қаңтарында «Сабах» командасының ойыншысы атанған еді.
Жауапты матч 27 ақпанда Сумгаит қаласында өтеді.