logo

Бауыржан Исламхан: Біздің жеңістеріміз алда

Бауыржан Исламхан: Біздің жеңістеріміз алда

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Словения құрамасына  қарсы матч туралы пікірімен бөлісті.

 «Біріншіден, суық ауа райына қарамастан бізді қолдаған барлық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Біз футболдың жоғары деңгейін көрсететін командалар — Аустрия мен Словенияға қарсы ойнадық. Оң нәтижеге жету үшін бар күшімізді салдық, бірақ менің ойымша, біздің жеңістеріміз алда. Біз сәтсіздікке ұшырадық деп айта алмаймын. Матчқа бапкерлер қойған мақсаттарды орындауға тырыстық», — деді Исламхан.

Қазақстан — Словения матчы Алматы қаласында өтіп, қонақтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Ян Млакар соқты.



Күн шежіресі