logo

Майами мастерс турнирі: Бублик пен Шевченко кімдермен ойнайды

Майами мастерс турнирі: Бублик пен Шевченко кімдермен ойнайды

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик 17-ракетка ретінде турнирді екінші айналымнан бастайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Оның қарсыласы әлемнің 37-ракеткасы, франциялық Артур Филс немесе рейтингіде одан бір саты төмен тұрған италиялық Маттео Арнальдидің біреуі болмақ.

Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Александр Шевченко алғашқы айналымда рейтингіде 84-орындағы колумбиялық Даниэль-Элаи Галаннан өтуге тырысады.



Күн шежіресі