Кукушкин Мадридте төрт сағаттық матчта жеңіске жетті
Қазақстандық, әлемнің 143-ракеткасы Михаил Кукушкин Мадрид челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 165-ракеткасы, Испания өкілі Альберт Рамоспен сынға түсті.
Бірінші партияда Кукушкин 2:5 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасады — 7:6 (7:3).
Екінші сетте Рамос 2:0 есебімен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:4.
Шешуші, үшінші партияда Михаил жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:5).
Үш сағат 53 минутқа созылған тартысты матчта Кукушкин 7 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Рамос 4 эйс, 5 брейкпен (17 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Стефано Наполитаномен таласады.
Ол ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 232-орында тұрған швейцариялық Марк-Андре Хуслерден айласын асырды — 6:2, 7:6 (7:5).