logo

Александр Шевченко Гамбург турнирінің 1/8 финалына өтті

Александр Шевченко Гамбург турнирінің 1/8 финалына өтті

Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Шевченко Гамбург (Германия) ATP 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Топырақ төсенішінде өтіп жатқан жарыста қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 197-орында тұрған германиялық Рудольф Моллекермен сынға түсті.

Бірінші партияда Шевченко 6:4 есебімен басым түскенімен, екіншісінде Моллекер есе қайырды — 6:4. 

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы сәтті ойнады — 6:4.

Екі сағат 4 минутқа созылған тартысты матчта Шевченко 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ.

Моллекер 6 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Жүлде қоры 1,9 млн еуроға жуықтайтын доданың ширек финалына шығу үшін А.Шевченко италиялықтар, әлемнің 35-ракеткасы Лусиано Дардери немесе рейтингіде 52-сатыдағы Лоренцо Сонегоның қай жеңгенімен таласады. 



Күн шежіресі