logo

Александр Седнев: Исламхан ойнамайды, Тағыберген дайын

Александр Седнев: Исламхан ойнамайды, Тағыберген дайын

Бір кездері жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты мен көптеген жолдастық кездесулерді қабылдаған Антальядағы стадионда Қазақстан суперкубогы сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч алдындағы баспасөз мәжілісінде «Ордабасы» бапкері Александр Седнев команданың дайындығы туралы айтты.

Бауыржан ойнамайды, ол әлі жарақатынан кейін қайта қалыпқа келумен айналысып жүр. Асхат туралы әлі шешім қабылдамадық. Қазақстан құрамасының көшбасшыларын аса қатты тәуекелге барып, шығара берудің қажеті жоқ. Алда Қазақстан құрамасының аса маңызды ойыны бар.

Қазір стратегиялық тұрғыда өте маңызды кезең, Қазақстан алғаш рет халықаралық аренада үлкен жетістікке жетуі мүмкін, - деді  А.Седнев.



Күн шежіресі