logo

Александр Бублик: Мансабымды аяқтаған соң Қазақстанда тұрмаймын

Александр Бублик: Мансабымды аяқтаған соң Қазақстанда тұрмаймын

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Матч ТВ телеарнасына берген сұхбатта мансабын аяқтаған соң Монакода да, Астанада да тұрмай, Ресейге қайта оралатынын айтқан, деп хабарлайды Sport+

«Қалай дегенмен, мен орыс азаматымын. Қазақстан атынан өнер көрсетіп, оны мақтан тұтқаныма қарамастан. Астана маған қатты көмектесті, алайда мен орыс адаммын, мені Санкт-Петербургке, сол жақтың адамдарына тартып тұрады. Біздің адамдарды жан-жүрегіммен жақсы көремін, Бұл қаладан тыс ешқашан өмір сүре алмайтын сияқтымын», - деді Бублик.