logo

Алекса Аманович: Әзірше орталық жартылай қорғаушы болып ойнау қолайсыздық туғызуда

Алекса Аманович: Әзірше орталық жартылай қорғаушы болып ойнау қолайсыздық туғызуда

«Астана» клубының ойыншысы Алекса Аманович Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында чемпиондыққа талас және Қазақстанда қандай позицияда ойыншылар тапшы екенін айтты.  

— Алекса маусымды өз стадионыңда өткізбеу нәтижеге қаншалықты әсер етеді?

— Әрине, өз әсерін тигізеді. «Астана Арена» — біз өзімізді жақсы сезінетін стадион, біздің үйіміз. Алайда басқа қалада ойнау нәтижемізді, турнир кестесіндегі орнымызды ақтап ала алмайды. Чемпионаттағы өз алаңымыздағы ойындарды Астанада өткізгенде мүмкін басқа нәтиже көрсететін едік.

— Командадағы микроклимат қандай? Командаға ішкі чемпионатпен, Еврокубоктарда қандай мақсаттар қойылды?

— Біз әрдайым алдымызға ең жоғарғы мақсаттар қоямыз. Ішкі чемпионатқа келсек «алтын» үшін соңғы турға дейін таласамыз. Еврокубоктарға келсек — топтық кезеңге жолдама алғанымызға қуаныштымыз.

— «Астана» командасына ауысу кезінде, басты факторлардың бірі қазіргі бас бапкер Григорий Бабаян болды ма?

— Мен Григорий Константиновичпен бірге 5 жыл жұмыс істеп жүрмін. Алдымен үш жыл «Тобол» командасында, кейін бас бапкер ЦСКА клубына ауысты. «Астанаға» қайтып оралғаннан кейін, командаға шақырды. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз.

Алекса Аманович: Әзірше орталық жартылай қорғаушы болып ойнау қолайсыздық туғызуда

— Қазақстанға дейін сен Сербиялық клубтарда өнер көрсеттіңіз. Чемпионаттардың басты айырмашылығы қандай?

— Қос чемпионаттың басты айырмашылығы — Сербияда алаңдар сапасы жоғары. Сол себепті командалар жақсы ойын өрнегін көрсете алады.

— Ойындарда қазір сені жартылай қорғаушы позициясында көріп жүрміз. Бұл позицияға үйрендің бе?

— Қазір жие жартылай қорғаушы позициясында ойнап жүрмін. Әзірше қолайсыздық туғызуда. Себебі, жартылай қорғаушымен, қорғаушының алаңдағы міндетері екі түрлі. Қазіргі уақытта бас бапкермен бірге бұл позицияда ойнау жайлы ақпарат алу үшін арнайы жұмыс жасап жатырмыз.

— Негізінен чемпионатта сол жақ қорғаушы позициясында легионерлер ойнайды. Қазақстанда сол аяқты ойыншылар тапшы ма?

— Қазақстанда солақай футболшылар шынымен тапшы. Сол аяқты ойыншылардың басым бөлігі шабуыл шебінде өнер көрсетеді. Ал орталық қорғаушыларға келсек, Талғат Кусяповтан басқа ешкім сол аяқпен ойнамайды. Менің ойымша бұл позиция — үлкен дефицит.



Күн шежіресі