Криштиану Роналду «Спортингке» оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді

«Әл-Наср» клубының 40 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду Лиссабонның «Спортинг» командасына қайта оралу жоспары жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport+:
«Мен «Спортинг» ойындарын сүйіп тамашалаймын, бұл – менің туған командам... бірақ мен ол жаққа қайтып оралуды жоспарлап отырған жоқпын. Оған еш себеп жоқ деп ойлаймын. Әрине, менің туған жерім – Португалия, бірақ әр нәрсенің өз уақыты мен шегі бар», – деді Роналду.
Айта кетейік, Криштиану Роналду – «Спортинг» академиясының түлегі. Ол кәсіби футболдағы алғашқы қадамдарын дәл осы клубта жасаған. 2003 жылы португалдық клубты тастап, «Манчестер Юнайтедке» ауысқан болатын.
Роналду қатысатын АФК Чемпиондар Лигасы ойындарын Sport+ телеарнасынан тамашалауға болады.