logo

Чемпиондық текетірес. «Виссел Кобе» – «Шанхай Порт» матчының тікелей эфирі

Чемпиондық текетірес.  «Виссел Кобе» – «Шанхай Порт» матчының тікелей эфирі

АФК Чемпиондар Лигасының 7-туры аясында Жапония мен Қытайдың қазіргі чемпиондары кездеседі. Екі елдің чемпионаты 2024 жылы аяқталғандықтан, бұл матч екі команда үшін де жаңа маусымның бастауы болмақ.

«Виссел Кобе» 2022 жылдан бері команданы басқарып келе жатқан Такаюки Йошидеге сенім білдіруді жалғастыруда. Қысқы трансферлік кезеңде клуб Рику Матсуда, Юта Коике, Харука Мотояма секілді ұлттық біріншіліктің үздік ойыншыларын қатарға қосты. Сонымен қатар, 18-21 жас аралығындағы болашағы зор жастармен келісімшарт жасалды.

Бұл қатарда ерекшеленетін жалғыз ойыншы – бразилиялық Каетано, ол «Коринтианстан» ауысып келді.

«Виссел Кобе» маусымдағы алғашқы ресми ойынын өткізіп үлгерді, алайда Жапония Суперкубогында «Хиросимаға» 0:2 есебімен жеңілді.

«Шанхай Порт» өз кезегінде Кевин Мускатпен жұмысын жалғастыруда. Австралиялық бапкер командаға чемпиондықты сыйлағандықтан, қысқы трансферде клуб бразилиялық Лео, Матеус Витал және «Морейренседен» жалға алынған Габрилзиньоны сатып алды. Габрилзиньо Қытай Суперкубогында дубль авторы атанса да, «Шанхай Шеньхуаға» 2:3 есебімен жол берді.

Бұл екі команда 2020 жылы АФК Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында кездескен, сол кезде жапондықтар Иньеста мен Даиго Нишидің голдарының арқасында 2:0 есебімен жеңіске жеткен.

Жаңа кездесу 11 ақпанда өтеді. Матч уақыты: 15:00 (Астана уақытымен).

Тікелей эфир: Sport+ телеарнасы және sportplustv.kz сайты.



Күн шежіресі