Криштиану Роналду болашағын нақтылады

Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубымен келісімшартын 2026 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Sport+.
Саудиялық клуб пен португалиялық шабуылшы арасындағы келіссөздер бірнеше апта бұрын басталған болатын. Бұған дейін 40 жастағы Роналдудың келісімі 2025 жылдың маусымына дейін күшінде еді.
Sport+ арқылы «Әл-Насрдың» АФК Чемпиондар лигасындағы матчтарын тікелей эфирде тамашалауға болады.