«Әл Гарафа» «Пахтакорды» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткізбеді (видео)
Азия Чемпиондар лигасының 7 туры аясында катарлық «Әл Гарафа» өз алаңында «Пахтакорды» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Жалғыз доптың авторы Тунис құрамасының жартылай қорғаушысы Ферджани Сасси болды.
«Әл Гарафа» осы жеңістің арқасында Батыс Конференциясының кестесінде 7-ші орынды иеленді, ал «Пахтакор» енді қарсыласынан 3 ұпайға артта қалды.