Акис Вавалис: Біз «Жеңіспен» жаңа келісімшартты талқылап жатырмыз
Грекиялық Акис Вавалис «Жеңістен» кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sport+.
«Менің «Жеңістен» кететінім — шындыққа жанаспайды. Иә, келісімшартым аяқталады, бұл рас. Бірақ біз жаңа келісімшарт туралы талқылап жатырмыз. Басқа қазақстандық клубтардан ұсыныстар бар ма? Маған басқа клубтардың қызығушылық танытып жатқаны рас, бірақ қазірше ресми ұсыныстар түскен жоқ», — деді Вавалис.
39 жастағы бапкер «Женис» клубын 2024 жылдың мамыр айының соңында қабылдаған болатын. Сол кезде команда Olimpbet Премьер-лигасында тоғыз матчтың қорытындысы бойынша небәрі жеті ұпай жинаған еді. Елордалық клуб маусымды 24 ұпаймен оныншы орынмен аяқтады.