AKAS мерзімінен бұрын Екінші лига чемпионы атанды
Алматылық AKAS клубы QFL Екінші лигасының «Оңтүстік-Батыс» конференциясында мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
19-шы турда AKAS сырт алаңда «Ордабасы Ж» командасын 0:2 есебімен жеңді. Жартылай қорғаушы Дархан Меделхан 21 және 68-ші минуттарда гол соқты.
Осы жеңістен кейін AKAS 46 ұпай жинап, турнирдің аяқталуына 3 тур қалғанда қарсыластарына қуып жету мүмкіндігін қалдырмады. Команда маусымда 15 жеңіс, 1 тең ойын және 3 жеңіліспен 51 гол соқты.