Айымбетовтың «Адана Демирспоры» Түркия чемпионатында тағы ұтылды
«Адана Демирспор» Түркия Суперлигасының сегізінші турында өз алаңында «Самсунспордан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Чемпионаттың бірінші турларында алаңға бірінші минуттан шығып жүрген Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов ойынды қосалқы құрамнан бастап, алаңға тек кездесудің 65-ші минутында шықты.
«Адана Демирспор» 8 ойыннан кейін 1 ұпай жинап, Түркия Суперлигасының турнир кестесінде соңғы орында тұрақтады.