logo

ҚКФЛ Қысқы кубогының қола жүлдегері анықталды

ҚКФЛ Қысқы кубогының қола жүлдегері анықталды

Түркияда өткіп жатқан «Winter Cup» үшінші орын үшін матчта «Ақтөбе» пенальти сериясында семейлік «Елімайды» 3:2 (негізгі уақыт – 2:2) есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Негізгі уақыт аясында қарсыластар екі голдан соқты. 18-минутта «қызыл-ақтардың» шабуылшысы Блессинг Чибуике есеп ашты.

Бірінші таймның соңында Квентин Корне есепті теңестірді. Екінші таймда бразилиялық Майком күшімен семейліктер алға шықты.

Алайда 83-минутта Максим Самородов таразы басын қайтадан теңестірді - 2:2.

Ойыннан кейінге пенальти сериясында «Ақтөбе» сәтті болды – есеп 3:2.



Күн шежіресі