logo

Адилио Лига Кубогының финалы жайлы: «Астана» сияқты мықты командаға қарсы тұру оңай болмайды

Адилио Лига Кубогының финалы жайлы: «Астана» сияқты мықты командаға қарсы тұру оңай болмайды

Елордалық «Жеңіс» клубының футболшысы Адилио Sport+ сайтына берген сұхбатында Акис Вавалиспен жұмыс істеуі, «Ордабасыны» жеңу және алдағы Лига Кубогының финалы туралы ойларымен бөлісті.

 — Адилио, өткен турда «Жеңіс» КПЛ-дың қазіргі чемпионы «Ордабасыны» жеңіп, сенсация жасады. Осы ойын туралы айтып берсеңіз?

— Бұл ойын өте қиын болды, себебі бірінші орындағы командаға қарсы ойнадық. Матч қиын болатынын түсіндік, бірақ өте жақсы ойнадық. Біз алаңға үлкен мотивациямен шығып, күшті қарсыласқа қарсы барымызды салдық. Ең бастысы — маңызды жеңіске қол жеткіздік.

— Лига Кубогының финалы 23 қарашада Түркістанда өтеді. Бұл матчтан не күтесіз?

— Бұл финал болғандықтан, өте қиын және тең дәрежеде өтетін ойын болады деп ойлаймын. «Астана» сияқты мықты командаға қарсы тұру оңай болмайды.

 — Сіз «Жеңіс» сапында «Астана» мен «Ордабасы» сияқты көшбасшыларға қарсы ойындарда гол соқтыңыз. Сізден тағы да гол күтеміз бе?

 — Біздің командамыз маусым бойы үлкен жұмыс атқарды, бұл күнделікті еңбектің нәтижесі деп санаймын. Біз әрбір матчта алға қойған мақсаттарымызға жету үшін барымызды саламыз.

 — Акис Вавалиспен жұмысты қалай бағалайсыз?

 — Ол өте жақсы бапкер деп ойлаймын. Ол әр ойыншыдан жоғары нәтиже талап етеді, әрі жаттығуда да, ойындарда да барын салады. Керемет көшбасшылық қабілеттерімен әр футболшының әлеуетін толық пайдалануға тырысады.

 — Португалиядан Қазақстанға көшуге не түрткі болды?

— Шетелде өзімді сынап көргім келді, ал «Жеңіске» ауысуға мүмкіндік пайда болғанда, оны кәсіби өсу жолындағы керемет мүмкіндік деп санадым. Сонымен қатар, клубтың мақсаттары мені қызықтырды.

— Қазақстан чемпионатының инфрақұрылымына қандай баға бересіз?

— Қазақстан Премьер-Лигасы өте теңдестірілген чемпионат, мұнда күшті командалар бар, әрі маған қызықты және сапалы чемпионат болып көрінді.