Адиевке ресейлік екі клубтан қызығушылық болды
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің қызметтері Ресейдің «Орынбор» және «Парин НН» клубтарына ұсынылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Sport24 сайтына сілтеме жасап.
Адиев 2024/2025 маусымының алдында Қазақстан құрамасынан кетіп, туған командасы «Ахматты» басқаруға шешім қабылдады, алайда нашар нәтижелерге байланысты қыркүйек айының басында орнын босатты.